Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды қар құрсауынан құтқару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Введен тас жолының бойындағы Борис-Романов ауылынан 60 шақырым жерде «Камаз» көлігі қарға батып қалған. «112» нөміріне хабар келіп түсісімен оқиға орнына жеткен жедел жасақ көлікті арнайы техникамен сүйреп шығарды.
«Көліктегі адамдар жақын маңдағы ауылға жеткізілді. Сол күні Майалап елді мекенінің қасында 9 адам қар құрсауынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Оларға тиісті жәрдем көрсетілді. Надеждинка ауылындағы жолда 4 адам құтқарылды»-, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.