Қостанай әуежайындағы баспалдақ салынған тұйық қабырғада есік пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қостанай әуежайының басшылығы Желідегі жазбаға қатысты пікір білдірді.
"Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ ақпараты бойынша, аэровокзалдың жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Сондықтан кейбір жобалық шешімдер аяқталмаған. Есік орнатылып, қазіргі уақытта ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысты мердігер "SCS Инжиниринг" ЖШС жүргізіп жатыр", - деді "Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ директоры Юрий Ким.