04 мам, 2021 сағат 09:55

Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жетекшілерімен кездесті


Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен, ғалымдармен және сарапшылармен кездесу өткізді. 

Кездесу кезінде комиссияның жұмыс барысы мен өзекті мәселелері, оның ішінде архивтерде, әсіресе шетелдік мұрағаттардағы зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейлі зерделеу қарастырылды. Өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту, оларға тиісті әдістемелік көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев өздерінің өтініштері бойынша бір топ мәдениет және ғылым қайраткерлерін қабылдады.