24 қар, 2020 сағат 14:23

Көшербаев Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Комиссия отырысында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.