Коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған адамдардың тест нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жедел штабтың Телеграмм парақшасына сілтеме жасап.
Алматы облысында коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталды. 27 наурыз күні түнде 4 адамның тест сынамаларының нәтижесі шықты. Олардың коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Алайда олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Қалған адамдардың тест нәтижесі әлі дайын емес.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы үш науқас: Алматыда - екі, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.