03 жел, 2021 сағат 09:40

Коронавирустан емделіп жатқан 373 адамның жағдайы ауыр - ДСМ


3 желтоқсандағы мәлімет бойынша елімізде 24 884 адам коронавирус инфекциясынан (–21 469+ және 3 415 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 199 пациент стационарда, 19 685 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 373 адамның жағдайы ауыр, 

• 93 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 55 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.