Атырауда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың бәрі анықталып, қазіргі таңда оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ошақтарда коронавирус инфекциясының алдын алуға және індетке қарсы іс-шаралар, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», - деді Атырау облысының тауарламен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Мейіржан Есімбаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.