22 нау, 2020 сағат 17:35

Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған жамбылдықтардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Коронавирус ауруымен байланыста болған Жамбыл облысының он тұрғынының талдауы теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарланғандай, 20 наурызда Алматы облысының тұрғыны «коронавирустық инфекция» диагнозымен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылған болатын.

Науқаспен бұған дейін байланыста болған Жамбыл облысының 10 тұрғыны анықталып, карантинге алынды. Олардан коронавирусқа алынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті.

Карантиндегі адамдардың ешбірінен шағым түскен жоқ. Жағдайлары қанағаттанарлық. Оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

«Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қоғамдық орындарға барудан бас тартудың, жеке гигиена шараларын сақтаудың, қол алысып амандасудың және басқа да жақын қарым-қатынастарда болмаудың маңыздылығын ескертеміз.

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, жалған ақпараттар мен хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін жеткіземіз»,-делінген хабарламада.