29 қаң, 2021 сағат 09:12

Коронавирус: Қазақстанда 6 өңір - «қызыл», бір облыс «сары» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 29 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

29 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 28 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ.

Яғни, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды бар.

Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан.

Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – «жасыл» аймақта.