30 нау, 2021 сағат 07:55

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті. 

Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. Ең көбі Алматы қаласында - 545 адам. Сондай-ақ елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр. 

29 наурызда 17 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның екеуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониясымен ауырған.