#
#
Cәрсенбі 05/08/2020

Коронавирус: БҚО-да шет елдерден келген 74 адам карантинде жатыр

  • 26.03.2020
  • 0
  • 262

Батыс Қазақстан облысында коронавирус бойынша қолайсыз шет елдерден келген 74 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлім еткеніндей, барлығы 265 адам бақылауға алынған.

Соның ішінде 191-і үйден бақылануда. 

Кеше Германиядағы Франкфурттан Оралға қазақстандық 8 азамат ұшып келді. Олардың барлығы «Ивушка» оңалту орталығына 14 күнге жатқызылды. 

Жалпы, 100 орындық «Ивушка» орталығынан басқа Теректі ауданы Ақжайық ауылында тағы бір сондай стационар (20 орындық) әзірленген, ол резервте тұр. Осындай стационарлар Кумыска елді мекені мен Бәйтерек ауданы Переметный ауылында да бар.

«Сонымен қатар провизорлық стационар да бар. Яғни адамнан тұмау белгісі байқалса, онда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Қазіргі кезде өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты», деді Н.Мұстаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар