26 қаң, 2021 сағат 07:05

COVID-19: Алматы облысы «жасыл» аймаққа шықты

Денсаулық сақтау министрлігі 26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

6 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды бар. Бүгінгі матрица Алматы облысының «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетіп тұр. Ал Қазақстан - «қызыл» аймақта.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.