18 мау, 2025 сағат 16:17

Көрнекті ақын, жазушы, аудармашы Зейнолла Тілеужанұлы дүниеден өтті

Фото: ашық дереккөз

Көрнекті ақын, жазушы, аудармашы,  Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық алтын медальінің, М.Х.Дулати атындағы сыйлықтың лауреаты Зейнолла Тілеужанұлы 2025 жылы 17 маусымда 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан қарымды қаламгер 1942 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған. Ол "Лебіз", "Толағай тау", "Ой ағысы", "Сарыарқа", "Махамбет дастаны", "Күнге табынғандар", "Аспанға көшкен ауыл", "От адам", және қос томдық "Қаракерей Қабанбай" романын жарыққа шығарып, аударма саласында да өнімді еңбек етті.