15 қаз, 2024 сағат 11:15

"Көрген сайын жылағым келеді": Мархабат Бесбаева әсерлі видео жариялады

Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева жүктілігін отбасы мүшелеріне қалай хабарлағаны туралы әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Үшінші сәбиіне жүктілігі туралы тестті ол өнер иесіне жаңа жылдық сыйлық деп ұсынған. 

"Ал жақындарымның реакциясын қабыл алыңыздар! Көрген сайын жылағым келеді. Осы жерде күшті естелік болып қалсын. Мәкеңе "Саған жаңа жылға күшті сыйлық дайындадым" дедім. Енді сіздердің реакцияларыңызды күтемін", – деп жазды Мархабат Бесбаева. 


Айта кетейік, бұған дейін әнші қызына Айзия деп ат қойғанын жазған едік