23 нау, 2026 сағат 12:22

Алматыда апалар қатысқан сән көрсетілімі өтті

Абай алаңында Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған бұл дефиледе подиумға 60 жастан асқан модельдер шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Дизайнер Раушан Әнуарбекованың «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы аясында қатысушылар ұлттық нақыштағы образдарды заманауи үлгіде ұсынды.

Бұл іс-шарада дәстүр мен сән, өмірге деген шынайы энергия бір арнада тоғысты.

Сән көрсетілімі шынайы эмоцияға толы атмосферада өтіп, мерекенің ең жарқын әрі есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.