Алматыда Наурыз қарсаңында ерекше арт-нысан пайда болды. Тұңғыш Президент саябағының алдында биіктігі 12 метрлік «Бақыт Бәйтерегі» орнатылды.
Бұл нысан – қала кәсіпкерлерінің туған қалаға деген шынайы ықыласы мен қолдауының көрінісі. «Бақыт Бәйтерегі» Наурыз мейрамының басты құндылықтарын — жаңару, бірлік пен гүлденуді бейнелейді.
