09 қаң, 2017 сағат 16:40

Қорғаушылар БЖЗҚ басшыларын кепілге босатуды сұрады

- «БЖЗҚ» АҚ төрағасы Руслан Ерденаев пен «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бахтовтың қорғаушысы Александр Блох судьядан күдіктілерді кепілге босатуды өтінді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Ол қылмыс жасаған жоқ. Арада азаматтық-құқықтық мәміле болған. Оның заңды-заңсыздығын тек сот шешеді. Бұл құқық қорғаушылардың құзырындағы нәрсе емес», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір қандай болмасын қорытынды шығаруға әлі ерте.

«Бахтов мүлде тек өз міндетін орындағаны үшін ұсталып отыр. Ол өз лауазымына сай әрекет етті», - деді ол.

«Ақша банкте. Эмитент келісімді бұзып, ақшаны басқа жаққа жұмсады. Ақшаны банктен бас банкир бір телефон қоңырауымен ала салады. Ақша ешқайда кеткен жоқ. Зейнетақы шашылған жоқ. БЖЗҚ активтері жұмсалды. Мәміле өте тиімді. Жылына 19 пайыз. Мәміле алтын рудалы рудникпен кепілдендірілген. Онда алтын көлемі 60-220 тонна болуы мүмкін», - деді адвокат.

Қорғаушы Ерденаевтың әрекетін қылмыстық емес екендігін дәлелдеуге тырысып жатыр.

«Мен түсінер едім. Егер оны ұстап алса, ол ұрлады. Ақша жоқ емес. Шотта жатыр ғой. Демек оны ешкім ұрлаған жоқ. Егер дефолт болған жағдайда ақша орнына келеді. Неге оны ешкім ескермейді», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір Ерденаевтың 90 млн теңге тұратын пәтері кепілге қойылған.

«ҚР заңнамасы бойынша кепілге ең кемі 1 млн 600 теңге қоюға болады. Ал Бахтовқа 13 млн теңге қойдым», - деді қорғаушы.

Ал Найзағарин мен Кенжебаевтың қорғаушысы Ғалым Нұрпейісов те қоластындағыларды кепілге босатуды сұрамақ.

Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісім-шартын тексеріп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189 бабының 4 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.

21 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекеті тексеріліп жатыр. Тексеру БЖЗҚ акционерлерінің өз активтерін инвестициялауға қатысты болып отыр. БЖЗҚ өз кезегінде қаржы жымқыруына қатысты қауесетті жоққа шығарды.