Жамбыл облысында анықталған коронавирустың екі жаңа дерегі Қордай ауданынан тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдікке сілтеме жасап.
30 жастағы бірінші науқас - 17 наурызында Қордайға Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Ол 30 наурыз күні ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған талдаулар қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Азаматша инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жақын байланыста болған 9 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды.
Ал, екінші науқас бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған 24 жастағы азамат. Онымен қарым-қатынаста болған бес адам карантинге жабылды.