09 нау, 2026 сағат 14:16

Көпвекторлы саясат: Қазақстанның әлем елдерімен қарым қатынастағы бағыты

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанып келеді. Бүгінгі күні Қытай, Ресей, АҚШ пен Еуропа елдері сияқты алпауыт елдердің өзімен бірдей тату қарым қатынаста. Бұл қазақстан үшін маңызды қадам.

Қазіргі геосаяси жағдайда тиімді жол қандай?

Қазіргі геосаяси жағдай ушығып тұрған заманда Қазақстанның барлық елдермен тату байланыс орнатып, ел тыныштығын сақтап тұруға талпынуы сыртқы қысымдарды жұмсартатын фактор. 

Қазақстан бейтарап дипломатиялық платформа

Осы уақытқа дейін Қазақстан өзін келісім алаңы ретінде ұсынып, өзінің бейбітсүйгіштігін көрсетіп келеді.

Мысалы Сириядағы қақтығыстарға байланысты Астанада бейбіт келіссөздер өткізілді. Қазақстан алғаш рет Сирияның оппозициялық топтарын бір үстел басына жинап, келіссөзге отыруына ықпал етті.

Бұдан бөлек Ресей мен Түркия шиеленісі кезінде Қазақстан татуласуда маңызды рөл атқарды.

Көпвекторлы саясат - экономикалық мүмкіндіктер

Көпвекторлы саяси бағыт экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Инвестиция тарту, транзиттік бағыттардың кеңеюі мен экспортқа жол ашу татулықта болған елдің мүмкіндігі.