04 қаз, 2018 сағат 16:38

Көпқабатты үйдегі өрт: 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрт кезінде 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 7 техника мен 37 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық ТЖД сағат 15:03-те хабар түсті. Өрт сөндірушілер 15:11-де оқиға орнына жетті. Ал сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Барлығы 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 3 адам өрттен құтқарылды. Өрт сөндіруге 7 техника мен 37 адам жұмылдырылды. Алдын ала белгілі болғаны, зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде 9 қабатты үй өртенді.

Өрт шығындарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Жергілікті әкімдік өрт кезінде зардап шеккен отбасы мүшелеріне қажетті көмек беретін болды. Қазір оқиға орнында ішкі істер органдары, прокуратура мен төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті әкімдік өкілдері жүр.