"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Бақтияр Қожаxметов көлікті онлайн тіркеу туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Жақында біз автокөліктерді онлайн режімде тіркеу қызметін іске қостық. Оны egov порталы арқылы алуға болады. Енді, арнайы xалыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Оған қоса, ішкі істер министрлігі ел ішінде жүрген көліктердің агрегаттарын тексеру шарасын алып тастаған болатын. Қазір көлікті сатып алу келісімшартын электронды үкімет порталында жасай салуға болады. Осыдан кейін "Қазпоштаның" қызметкері мемлекеттік тіркеу нөмірі мен теxникалық төлқұжатты үйіңізге жеткізіп береді", - деді Б. Қожаxметов NurOtan Trends алаңында.
Оның айтуынша, бүгінде көлік жүргізуші куәлігін де жылдам алуға болады. Ол үшін арнайы xалыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.
Айта кетейік, бүгінгі пікірталас алаңында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев геоақпараттық жүйе туралы айтты. Аталған порталда бос жер телімдері туралы толық ақпарат жарияланады. "Әкімдіктер арқылы жалға берілетін, я болмаса, сатылатын жерлер болса, барлығы ақпараттық жүйеде көрсетілуі шарт. Ашығын айту керек, дәл осы салада жемқорлық көп. Өйткені ақпарат ашық түрде жарияланбайды. Жер телімдері туралы ақпараттың бәрі жабық. Сондықтан жаңа портал арқылы жер телімдері туралы толық ақпарат жариялаймыз деген ойымыз бар. Аукциондар, коммуникациялар, жердің бағасы - бәрі-бәрі жаңа жүйенің ішінде болады", - деп атап көрсетті М.Әшімбаев.