01 нау, 2019 сағат 11:29

Көктемнің алғашқы күндері елімізде қар жауып, күшті жел соғады

2-4 наурыз күндері Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанға Орталық Азия мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен бір уақытта циклондар жылжып жатыр. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдайдағы ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болады. Күшті екпінді жел тұрып, жылудың әсерінен көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жылбысқы қар, дүйсенбіде қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Температура ауытқуы мүмкін, бірақ батыстан басқа аймақтарда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Батыста температура нормаға жақын және төмен.