«Қазгидромет» РМК 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сәрсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, Жарма ауданында күндіз – көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болады.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.