30 қаң, 2021 сағат 12:42

«Көкшетау қалалық әкімдігіне бомба қойылған»

«Көкшетау қалалық әкімдігіне бомба қойылған». Бірнеше сағат бұрын облыс орталығындағы жедел басқару орталығына белгісіз  ер адам қоңырау шалып, осы ақпаратты хабарлады.

Бұл ақпарат туралы kokshe-kontent.kz Ақпарат агенттігі бейресми дерек көздерінен біліп отыр.

Мұның рас-өтірігін анықтау үшін редакция тілшілері Ақмола облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне қоңырау шалып, мән-жайдың анық-қанығын білмек болды. 

Бірақ ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған факті бойынша қазір жедел-іс шаралар кешені жүргізіліп, тексеріс жүріп жатыр.

Алдағы уақытта осы ақпаратқа қатысты нақты деректі ұсынамыз.