13 қаз, 2020 сағат 06:00

ҚХА менеджменттің заманауи әдістері туралы кеңес өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» РММ және өңірлердегі ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу жөніндегі әдістемелік кеңес отырысы өтті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Жалпы менеджмент дегенді бүгінгі таңда басқару деп түсіндіріп жүрміз. Ал басқару мәселесі Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы еліміздің әр өңірінде бар болғандықтан кеңінен таралып отыр. Менеджмент басқару жүйесінің негізгі тетіктері түрлі ұлт өкілдерінің бірігуімен, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын насихаттауда кеңінен жұмыс істеп келе жатыр. Бұл туралы Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, Болат Бауыржанұлы Мажағұлов былай деді:

«Бүгінгі жиынымыздың өзі өте өзекті мәселелерді талқылауға арналып отыр. Бүгінгі таңда, Тәуелсіз Қазақстанның оң саясының нәтижесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының демісті еңбегінің нәтижесінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп отыр. Оның ішінде мемлекеттік тіл ­– қазақ тілінің орнын ерекше құрметтейтін Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қазақ тілінде еркін сөйлеп жүр. Сонымен қатар өз тілдері мен салт-дәстүрлерін де берік ұстана алады», - деді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, Болат Бауыржанұлы Мажағұлов.

«Қоғамдық келісім» РММ мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік құрылымдарының өзара іс-қимылы, «Қайырымдылық қызметті үйлестіру Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бизнес қоғамдастықтың әлеуметтік әріптестігінің көрсеткіші», «Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыру туралы», «Этномәдени бірлестіктер қызметіндегі қайырымдылықты дамыту (Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы мысалында)», «Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы мәдени-ағартушылық жобалар», «Солтүстік Қазақстан облысында «Qazaqtany» жобасын іске асыру нәтижелері туралы», сондай-ақ, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының «Ахыска әйелдері» қоғамдық бірлестігі қызметінің негізгі басымдықтары» бойынша өзекті мәселелер қаралды.

«Қазіргі таңда әйелдер мен көп балалы аналар мәселесі жиі көтеріліп жатады. Біздің «Ахысқа әйелдері» қоғамдық бірлестігі осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырып отырамыз. Ондай қоғамдық мәселелерді ел мен билік арасындағы көпір болуға барымызды салып жүрміз. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де куә деп білеміз. Бүгінгі таңда талқыланып отырған менеджмент мәселесі де сол көп мәселенің шешімін көрсетіп отыр», - деді «Ахысқа әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Надежда Пак.

Жиынға қатысушылар, «Қоғамдық келісім» РММ-нің және Аймақтар достығы үйлерінің әдістемелік директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылағаннан кейін келесі ұсыныстарды қабылдады

Жиынға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» РММ және ҚХА Достық үйлерінің директорлары мен қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктер басшылары, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері қатысып, «Қоғамдық келісім» РММ қызметі мен менеджменті бойынша маңызды сұрақтар талқыға салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» РММ және өңірлердегі қха қоғамдық құрылымдарының қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу жөніндегі әдістемелік кеңес отырысы өтті. Жиынға қатысушылар, «Қоғамдық келісім» РММ-нің және Аймақтар достығы үйлерінің әдістемелік директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылағаннан кейін келесі ұсыныстарды қабылдады.