22 қыр, 2023 сағат 12:41

Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі тасымалдаған

Көрнекі фото: pixabay.com 

Көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған Хорватия азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік-іздестіру иті пойыз жолаушыларының біріне белгі берді.

Күдікті Хорватия Республикасының 61 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған азаматқа жеке тінту жүргізу кезінде марихуана және гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді" - делінген хабарламада.

Шетелдік есірткі заттарын сатып алғанын және оны жеке пайдалануы үшін сақтағанын түсіндірген.

"Аталған факті бойынша шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды", – деді көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.