14 ақп, 2020 сағат 10:35

Халықпен жиі кездесіп, түсінікті тілде сөйлесу керек – Әбілқайыр Сқақов

Халықпен жиі кездесіп, олармен түсінікті тілде сөйлесу керек. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Барлық әкімдер тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын егжей-тегжейлі түсіндіруі тиіс. Бұл, бірреттік науқан болмауы керек. Жергілікті газетте мақала жариялап, одан әрі ұмытылып кетеді. Адамдармен жиі кездесіп, олармен түсінікті тілде сөйлесу керек», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов халықпен есептік кездесуінде.

Өңір басшысының айтуынша, АӘК алушылардың өз балаларын тамақпен және жеке гигиена құралдарымен қамтуын, сондай-ақ оларды мектепке даяурлауға кететін шығындарды мемлекет өз мойнына алған. АӘК форматының өзгеруіне байланысты мемлекеттің тағы бір міндеті – азаматтардың тұрақты табыс көзінің пайда болуына жағдай жасау.

«Тұрғындарды еңбекпен қамту – жұмысымыздың тағы бір басымдығы. Біз шағын және орта бизнесті белсенді дамытуымыз қажет», - деді Ә.Сқақов.