Фото: Жазушылар одағы
“Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы” жобасы аясында өткізілген Халықаралық Түркі жас қаламгерлері фестивалі өз мәресіне жетті. Ауқымды әдеби басқосуды Ақтау қаласының әкімдігі, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Фестивальдің басты мақсаты – түркітілдес елдердің жас қаламгерлерін бір арнаға тоғыстырып, жаңа есімдерді көпшілікке таныстыру, шығармашылыққа қолдау көрсету және елдер арасындағы әдеби байланыстарды нығайту болды.
Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия және Түрікменстан елдерінен 20 мен 40 жас аралығындағы жас әдебиетшілер қатысты. Жалпы саны 63 үміткердің ішінен қазылар алқасының шешімімен 12 үздік қаламгер іріктеліп, жүлделі орындар мен арнайы марапаттарға ие болды.
Фестиваль аясында үш номинация бойынша үздіктер анықталды:
ПОЭЗИЯ:
• Шерхан Талап (Астана) – I орын• Мирас Асан (Астана) – II орын
• Олжас Қасым (Абай облысы) – III орын
• Дүйсенәлі Әлімақын (Астана) – арнайы дипломат
ПРОЗА:
• Нұрбек Нұржанұлы (Меркі) – I орын
• Қанат Алтынбеков (Алматы) – II орын
• Жавлон Жовлиев (Өзбекстан) – III орын
• Ғалымнұр Кәдірбай (Астана) – арнайы дипломат
ДРАМАТУРГИЯ:
• Мұрат Қолқанат (Алматы) – I орын
• Есентүгіл Асылзат (Астана) – II орын
• Шавкат Дўстмуҳаммад (Өзбекстан) – III орын
• Караев Довлетмурат (Түрікменстан) – арнайы дипломат
Сондай-ақ, фестивальді ұйымдастыруға белсенді атсалысқан халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы да өз марапаттарын табыстап, әдеби ынтымақтастықты арттыру жолындағы игі қадамға үлес қосты.
