Алматыда интернет-банкинг арқылы ақша жымқырғандар сот алдында жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Сот материалына қарасақ, 2015 жылдың сәуір айында сотталушылар А.Митин және Р.Хусаинов Team Viewer бағдарламасы арқылы «Нұрбанк» АҚ-ның банктік шотының құпиясөзін заңсыз бұзғаны анықталған.
Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар шындыққа сай келмейтін төлемдер арқылы 155 млн теңгені алдын ала құрылған «Казахстанско-производственно-коммерческая компания» ЖШС-ның «Евразийский банк» АҚ-ындағы банктік шотына аударған.
Сот үкімімен А.Митин және Р.Хусаинов Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 4 бөлігінің 3 тармағында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, осы бап бойынша А.Митинге мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, Р.Хусаиновке мүлкін тәркілеу арқылы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтеу белгіленді.
Басты сот талқылауында сотталушылар А.Митин және Р.Хусаинов тағылған айып бойынша кінәларын мойындаған жоқ.