29 қыр, 2020 сағат 15:19

"Кепілдік етілген қатаң қадағалау талаптары мүлтіксіз орындалуда" - Әлібек Әлденей

Құрметті достар!

«Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасының праймеризді ашық әрі әділ өткізу туралы тапсырмасы жүйелі түрде іске асып жатқанын нық сеніммен айтуға болады. Кепілдік етілген қатаң қадағалау талаптары мүлтіксіз орындалуда.

Праймериз өткізу ережелері мен партияның басқа да ішкі нормаларына қайшы келетін әрекеттер үшін қатаң шара қолданылып, келеңсіздікке жол берген үміткерлер партияішілік іріктеуден шығарылуда.
Жалпы 29 қыркүйекке дейін 734 үміткер тіркеуден шығарылды. Оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен 64 үміткердің өтініші күшін жойды. Олардың 27-сі дебаттарға қатысудан бас тартқаны үшін, 4-еуі партия Жарғысы мен әділ саяси бәсекенің талаптарына қайшы келетін әрекеттері үшін болса, тағы 33 кандидат бойынша бастауыш партия ұйымдары өтініштерін кері қайтарып алды.
Барлық арыз-шағымдарға және бұзушылықтарға мониторинг жасап, оларға жедел түрде тиісті шара қолданылуда.
Тағы да ескерте кетейін, егер қандай да бір тәртіп бұзу фактісіне куә болған жағдайда «Nur Otan»-ның партиялық бақылау органдарына хабарлауды сұраймыз. Сондай-ақ, 8 (800) 080 4441 телефонына хабарласып (хабарласу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хат жолдауға болады.

Праймеризге қатысып жатқан барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін! Ал партия мүшелерін 1-3 қазан аралығында https://primaries.kz/ порталы арқылы дауыс беруге белсенді түрде қатысуға шақырамын.

«Nur Otan» партиясының хатшысы

 Әлібек Әлденейдің Фэйсбуктағы жазбасынан