26 қаң, 2021 сағат 18:00

Кентауда қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

Түркістан облысының Кентау-Ащысай автожолында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық ТЖД қызметкерлері аталған өңірде биіктігі бір жарым метрге дейін қар жауып, көлік қозғалысын қиындатқан. 

Жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде жанар-жағармайлары таусылған үш көлік табылып, онда сегіз жолаушы құтқарылды. Жергілікті төтенше жағдай қызметінің 7 қызметкері арнайы техникамен жолда қалғандарды қауіпсіз жерге әкелінді. Сонымен қатар жолда қар құрсауында қалып қойған жолдан тағы бір жеңіл және жүк көлігі сүйреп шығарылды. 

«Жолда қарға батып қалған 1 жеңіл автомобиль пен жүк көлігі сүйреп шығарылды. 15 адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді құтқарушылар.