26 мам, 2018 сағат 10:55

Кемероводағы қайғылы оқиға: ТЖМ басшысына айып тағылды

Кемерово ТЖММБ басшысы Александр Мамонтов пен Кемерово ТЖМ қадағалау бөлімінің басшысы Григорий Терентьевке "Зимняя Вишня" сауда орталығындағы өртке байланысты селсоқтық және ысырапшылдық танытты деген айып тағылды, деп хабарлады РИА Новости БҚ өкілі Светлана Петренкоға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, екеуі міндеттеріне қарай "селсоқтық" және "ысырапшылдық" бабымен айыпталды. Сонымен қатар, оларды қамауға алу туралы шешім де шықты.

Тергеудің нұсқасы бойынша, Мамонтов пен Терентьев 2017-2018 жылдары сауда орталығында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тексерісті жоспарламаған және жүргізбеген, тексеру 2018 жылы 18 наурызда өтуі тиіс болған.

Сонымен қатар, Мамонтов лауазымын асыра пайдаланып, 2015 жылдың маусымы мен 2018 жылдың сәуірі аралығында 1,8 миллион рубльді жымқырған деген күдік бар.

Айта кетейік, Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурызда өрт болып, 60 адам қаза тапты, олардың басым бөлігі балалар. 

Тергеу сауда орталығында автоматты дабыл қаққыштың жұмыс істемегенін, ал күзетшінің төтенше жағдай туралы хабар беру үшін тетікті баспағанын анықтады.

Қылмыстық іс бойынша сегіз адам қамауға алынды, олардың қатарында ғимараттың иелері, басқарушылары, күзетшілер мен дабыл қаққышқа жауаптылар бар.

kaz.tengrinews.kz