20 қаз, 2020 сағат 12:20

Келер жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі – Білім министрлігі

Биылғы оқу жылы барлық білім мекемелеріне оңайға соқпады. Әсіресе сапалы кадр мен мықты мамандар даярлау ісінде Жоғарғы оқу орындарына оңайға соқпады. Себебі еліміздің болашағы білімді жастар мен жас мамандар екені белгілі. Осы орайда жоғары оқу орындарының оқытушылары бар күш-жігерлерін салуда. Осы орайда, Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы қанша процентке көтерілгенін көрсетіп, нақты есеп-қисабын жариялап, Жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры ұлттық мәртебесі бар жоғары оқу орындарда оқытушылардың жалақысы 55 процентке дейін өсетіні белгілі болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Нақты айтқанда, кейбір университеттер биылғы жылдың шілде-тамыз айларында жалақыны көтеруді жоспарлаған. Оның қорытындысы оң нәтиже көрсетіп отыр.

«Бір ғана мысал, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шілде-тамыз айларында жалақыны 48 процентке көтеруді жоспарлаған. Ал іс жүзінде университет бойынша жалақының мөлшері 55 процентке өсті. Осылайша, орташа жалақы 284 424 теңгені құрады», - деді Жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев министрліктің аппарат кеңесінде.

Атап айтқанда, сонымен қатар, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушылардың жалақысы 20 процентке көтеріледі деген жоспар болған. Іс жүзінде 19 процентке өсірді. Биылғы оқу жылында оқытушылардың орташа жалақысы 302 079 теңгеге жетті. Ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалақыны 14 процентке көтеріп,  247 829 теңгеге дейін жеткізсе, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орташа жалақы 209 051 теңгені (23 процент) құрады.

Сонымен, келер оқу жылында мемлекеттік университет оқытушылары да жалақыны көптеп алатын болды. Олар:

Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 254 599 теңге (өсім 58%);

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – 196 509 теңге (49%);

Атырау мұнай және газ университеті – 170 743 теңге (44%);

Рудный индустриалдық университеті – 250 160 теңге (43%);

Карағанды мемлекеттік техникалық университеті – 217 725 теңге (43%);

Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті– 264 005 теңге (42%);

Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – 230 432 теңге (42%);

Павлодар педагогикалық университеті – 189 287 теңге (41%);

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – 142 408 теңге (40%);

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 190 800 теңге (37%);

Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті – 242 256 теңге (29%);

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті  – 166 473 тенге (29%);

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті – 233 000 теңге (25%);

Қарағанды индустриалдық университеті – 226 994 теңге (29%);

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – 181 854 теңге (27%);

Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 154 217 теңге (27%);

Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – 206 550 теңге (25%);

Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – 228 605 теңге (15%);

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - 223 110 теңге (18%);

Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті – 212 000 теңге (13%);

Арқалық педагогикалық университеті – 226 550 теңге (20%);

Байтұрсынов атындағы Костанай өңірлік университеті – 176 488 теңге (7%);

Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – 237 076 теңге (36%).

Осы орайда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тахир балықбаев жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілгенін құп санайды. Ректордыі айтуынша, білікті маман мен сапалы каджр дайындауда қаржы үнемдеудің қажеті жоқ. Ең бастысы студенттерді сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін оқытушыларлдың жеке проблемалары болмауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылы барлық білім мекемелеріне оңайға соқпады. Әсіресе сапалы кадр мен мықты мамандар даярлау ісінде Жоғарғы оқу орындарына оңайға соқпады. Себебі еліміздің болашағы білімді жастар мен жас мамандар екені белгілі. Осы орайда жоғары оқу орындарының оқытушылары бар күш-жігерлерін салуда. Осы орайда, Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы қанша процентке көтерілгенін көрсетіп, нақты есеп-қисабын жариялап, Жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры ұлттық мәртебесі бар жоғары оқу орындарда оқытушылардың жалақысы 55 процентке дейін өсетіні белгілі болды.