18 қыр, 2024 сағат 12:51

Кегенде болған қайғылы жағдай: Құдыққа түскен үш адамның өлімі туралы жаңа деректер айтылды


Алматы облысы Кеген ауданында құбырға түскен үш бірдей адам қаза тапты. Деректерге сүйенсек бір отбасында әкесі мен 15 жастағы баласы үйінде су тоқтап қалған соң көршісін ертіп алып құбырды тексермек болған. Алайда түскеннен соң үшеуі де қайта шыға алмай қалған. Марқұмдардың туыстары құбыр құрылысын дұрыс жүргізбеген басшылықты кінәлауда. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Марқұмдардың туыстары бұл жайтқа асфальт төсеу кезінде коммуналдық желінің дұрыс орнатылуын қадағаламаған жергілікті әкімдікті кінәләп отыр.

"Бірінші інімді алып шықты. Қарасақ, денесі суып кеткен. Бірінші көмектен кейін құсып жіберіп, көзін ашты, болды. "Жүріп кеткен" деді. Одан кейін Серік деген ағаны шығарды. Үшіншісінде, түбіне жете алмай, су болып тұр іші. Өрт сөндірушілер суды сорғызып, баланы шығарып алды. Ол кезде бала көгеріп кеткен", – деді марқұмның туысы Дина Айтбаева. 


Оқиға кешқұрым уақытта болған. Басында құдықты бір қарап шығуға 15 жастағы жасөспірім түсіп, талып қалған. Әкесі құтқаруға ұмтылғанымен, кері шыға алмай, ес-түссіз құлаған. Артынан 56 жастағы көршісі түсіп, ол да шыға алмаған.

Туыстарының айтуынша құдықтың беті көлік жүретін жолдан бір қарыс төмен орналасқан. Топырақпен көміліп жатқанына бір айдан асыпты. Бітеу тұрып, ауа айналымы жүрмегенліктен, ішінде улы газ пайда болуы мүмкін.

"Су жүргізілгеннен кейін жол салынған кезде технология бойынша құдықтың беті көтеріліп тұру керек. Жол салған мердігер көтеріп, асфальтпен бірдей жасап кету керек болатын. Тұрғындар құдықтың бетін ашып қойған. Соңғы бір жарым айда Кеген ауылында дренажды канал дүргізілді. Сол кезде құдықтың бетін өздерінің топырағымен бекітіп кеткен", -деді марқұмның туысы Мақпал Шадан.


Туыстарының айтуынша, үшеуінің өліміне қатысты екінші болжам құдықтың ішінде тоқ ұруы мүмкін. Ал шенеуніктер "ескертсе, өзіміз-ақ тексеретін едік" деп жауап берді. Қазір құдықты ретке келтіруге адам өлімінен кейін ғана кіріскен.

"2020-2021 жылдары жолды қабылдап алған кісі қазір Ақтөбе облысында кәріз бекетінде екі жұмысшы тұншығып өлдіқызметте жоқ. Не себепті дәл судың үстіне жол салып өткенін айта алмаймын. Мынаның бетін көтереді. Уді жұмыстарын жасайды. Көліктер өте алатындай етіп жасаймыз", – деді Кеген ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жасұлан Кәділ. 


Еске салсақ, Алматы облысында кәріз құдығынан үш адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.