02 мам, 2026 сағат 12:55

Вьетнамда ұсталды деген Қайсар Қамза: «Сот та, қамау да болған жоқ»


Фото: блогердің желідегі парақшасынан


Вьетнамда ұсталды деген ақпарат тараған қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде байланысқа шықты, деп хабарлайды Ult.kz.


Танымал блогер Instagram Stories арқылы видео жариялап, қазіргі жағдайын түсіндірген. Оның айтуынша, ол жуырда Қазақстанға барып, кейін Вьетнамның Нячанг қаласына қайта оралған.


"Қазір экстрадиция мәселесі қаралып жатыр. Шешім күтіп отырмын. Сот та, қамау да болған жоқ. Тек көші-қон қызметі паспортты алып қойды. Барлығы жақсы болады деп үміттенемін", – деді блогер.


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерге іздеу жарияланғаны хабарланған еді. Кейін оның Вьетнамның Камрань қаласында ұсталғаны туралы ақпарат тарады.