Фото:alataunews.kz
Конституциялық Сот Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы Конституциялық заңды тексерді, деп хабарлайды Ult.kz.
Парламент қабылдаған Конституциялық заңның 90-бабына сәйкес оның негізгі ережелерін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап және 2027 жылғы 1 шілдеден бастап кезең-кезеңімен қолданысқа енгізу мерзімдері айқындалған.
Конституциялық Сот тексеру нәтижесі бойынша қабылдаған қорытынды шешімінде Конституциялық заңға қатысты Ата заңның үстемдігі сақталатынын атап өтті.
Конституцияның ережелері мызғымас бағдар болып қала береді және Алатау қаласының органдарының нормашығармашылық және құқық қолдану қызметінде, сондай-ақ олардың өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылында бұлжытпай сақталуы тиіс.
