10 қаз, 2017 сағат 10:51

«ҚазМұнайГаз» вице-президенті жұмысынан шығарылды

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «ҚазМұнайГаз» вице-президенті Данияр Берлібаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Үкімет басшысы ұлттық компания вице-президенті елдегі бензинге қатысты ахуалды реттеуде өзінің міндетін орындай алмағандығын баса айтты.

«Премьер-Министр және «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде өз міндетін тиісті деңгейде орындай алмаған «ҚазМұнайгаз» басқармасы төрағасына сөгіс түріндегі тәртіпті жазаны белгілеу бойынша шараларды белгіленген тәртіппен қабылдауды тапсырамын. Сонымен қатар өз міндетін тиісті деңгейде орындай алмаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдау қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.