Фото: inbusiness.kz
Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын талқылады. Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Осы орайда Ult.kz тілшісі депутаттардан қосымша салық, АЭС салу мен тарифтердің бағасының көтеру мәселесіне қатысты пікірлерін сұрап білді.
Қайтарылған активтер инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалуы керек
Депутат Еділ Жаңбыршин коммуналдық тарифтер нарықтық экономикаға жұмыс істеуі керегін айтады. Депутат сонымен қатар коммуналдық тарифтер қайдан пайда болады, не үшін керек деген сауалдарға да жауап берді.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, бәріміз су тұтынамыз, электр энергетикасын, жыылуды тұтынамыз. Оның бәрін шығарып, тасымалдап отырған кәсіпорындар бар. Енді олардың жалпы шығындары, оның ішінде жалақысы, жөндеу жұмыстары, модеризациясы бар,мұның бәрі қарждыны талап етеді. Осы қаржының бәрі тарифыке отырады. Енді тарифті көтере берген де халыққа жүктеме болады, оны біз түсінеміз. Сондықтан басқа да жолдарын іздеуіміз керек сияқты. Халықтың қазіргі қалтасынан шығып жатқан шығындардың көбі тамаққа, коммуналдық төлемдерге кетіп жатыр. Енді қандай жолдар бар? Себбеі біз көріп отырмыз, коммуналдық мекемелердің жылу трассалары, электр линиялары, одан басқа жылу электр орталықтарының электр энергиясын шығаратын кәсіпорындарының жабдықтары да тозған. Ал оны жамай беру, жөндей беру мәселені шешпейді. Оны түбегейлі не жаңа станция салуымыз керек немесе біз оны ауыстырып жаңа жабдықтар әкелуіміз керек. Оның бәрі қаржыны қажет етеді. Ол азғантай қаржы емес, ол миллиярдтаған қаржы. Ол қаржыны қайдан аламыз? Бір жолы – тарифті көтеру. Тарифті көтеру мәселені түбегейлі шеше алмайды», – дейді Еділ Жаңбыршин.
Депутаттың сөзінше, мәселені шешудің екінші жолы бар, басқа көздерді іздеуіміз керек. Нақты айтқанда, заңсыз иеленген активтер мен шетелге аударылған қаржыларды елдің экономикасына жұмсаған жөн деген пікірімен де бөлісті.
«Біздің заңсыз иемденген активтерді біз осы айтып отырған инфрақұрылымдық энергия ресурстарын өндіретін отандық кәсіпорындарға жұмсауымыз керек деп ойлаймын. Қазір бұл ақшаны мектеп салуға, балабақша салуға жұмсап жатыр. Ал негізінде экономикалық жобаларға жұмсауымыз керек. Неге? Себебі салып жатқан объектілердің бәріне де жылу керек, су керек, ттоқ керек, канализация керек. Бірінші кезекте, біз инфрақұрылымдық жобаларға жұмсауымыз керек. Себебі, заңның өзінде әлеуметтік және экономикалық жобаларға жұмсауға болады деп жазылған. Сондықтан Үкімет кейбір әбден тозығы жеткен коммуналдық мекемелерге немесе энергия ресурстарды шығаратын мекемелерге сол қаржыны жұмсау керек деп ойлаймын. Сонда біз кішкене халықтың мойнына түсетін жүкті азайтамыз деп ойлаймын.
Модернизациясы бар, көрші мемлекеттердегі жанар жағар майдың бізден қымбаттығы бар, осының бәрі біздің экономикаға әсерін тигізіп жатыр. Сондықтан өзіміздің энергетикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін нысандарға бізден ұрланған қаржыларды, заңсыз шығарылған активтерден түскен қаржыларды бірінші кезекте соған жұмыс істесек, біз аз да болса да осы тарифті тежеуге мүмкіндік болар еді.
Өздеріңіз білесіздер, біз евразиялық экономикалық кеңістіктеміз. Бізде Ресеймен; қырғыздармен кедендік бақылау жоқ. Бірақ шекарашыларымыз бар. Енді біздегі баға 1,5-2 есеге дейін арзан. Сондықтан көптеген көлеңкелі схемалармен біздегі отындарды сыртқа шығарып жатқандар бар. Соған бақылау да қоя алмай отыр. Ресеймен біз 7 мың км, оның бәрін бақылауда ұстау өте қиын. Бірақ ұстау керек. Екінші бір жолы, жоғарыда айтқандай біз бағамызды аз да болса солармен теңестіруіміз керек. Немесе іштегі жанар жағар май соларға кетіп қалады», – дейді Жаңбыршин.
Депутаттың сөзінше, егер бағаны көтеретін болсақ, бірден көтеруге болмайды. Оны жайлап, біртіндеп көтеру керек.
«Жағдайы төмен отбасылар бар, халыққа әлеуметтік қажетті тауарлар шығарып отырған компанияларға мемлекет көмек жасау керек. Кеше бұл жөнінде де Мұғамғалин өзі айтты. Біз әлеуметтік осал топтарды қиын болмас үшін жергілікті бюджеттен болсын, басқа да көздерден болсын, көмек жасауымыз керек. Бірақ нарықтық экономикаға балансты сақтауымыз керек. Әйтпесе қиын болады. Ал НДС-тің көтерілуін Үкіметпен талқылауымыз керек», – деді Еділ Жаңбыршин.
Қосымша құн салығы – Үкіметтің амалы жоқ тірлігі
Осы осы мәселеге қатысты Ult.kz тілшісі бірнеше депутаттың пікірін сұрап білді. Әзірге көбісі қарапайым халық үшін ауыр болатынын тілге тиек етіп отыр. Ал шын мәнінде нақты шешім қабылдарда кімнің пікірі қалай құбылатыны белгісіз.
Ерлан Саиров, депутат:
Қазіргі негізі мәселе – электр энергиясының тапшылығы. Осыдан 10 жыл бұрын Сәтқалиев осы мәселені өзі тудырған, енді бас болып өзі шешпекші. Біздің Қазақстанда осындай парадокс бар.
Менің ойымша, депутаттар корпусы нақты ұсыныстар жасайды. Яғни АЭС-ті салу еліміздің экономикалық жаңа қадамы болып табылады. Сондықтан біз бұл ұсынысты стратегиялық жағынан дұрыс деп санаймыз. Білсеңіз, министрліктер өзіне жауапкершілік алуды үйрену керек.
Мұрат Ергешбаев, депутат:
Қосымша құн салығы – Үкіметтің амалы жоқ тірлігі. Себебі, бюджеттің тапшылығы бар, сол тапшылвғвн жабу керек болып жатыр. Әрине, тек қана бюджеттің шығыстарымен ол жабылмайды, жалпы сондай ойлары бар. Бірақ оны Үкімет қана осындай шешім қабылдады демей, оны дәлелдеу керек. Оны бізге есептеп берсін. Бизнестегілер де бізге көтеру қиын болып жатыр деп байланысып жатыр. Баға өседі, оны ашық айту керек, мысалы. Одан бөлек тарифті көбейтейін деп жатыр, жанар жағар майды көтерейін деп жатыр. Оның бәрі түсінікті, бірақ оның бәрі халыққа қалай әсер етеді, нәтижесі қалай болады, сол жағын да қарастыру керек.
Ринат Зайытов, депутат:
Қажеттілікті қарапайым халықтан алу жақсылыққа апармайды. Біз оны да айтып жүрміз. Қазір НДС келген жоқ, келгенде ол жерде де дау болады. Біз керісінше, тесік қапқа қол жая бергеннен ешқандай мәселе шешілмейді. Халықтың өзі де бірін екіге жеткізе алмай жүр. Кейбір штарфтарды да қайта қарау керек.