19 қаз, 2020 сағат 14:00

Қазгидромет 7 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 

Атырау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

20, 21 қазан күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік сақталады.