Фото: Anatili.kz
Сара Мыңжасарова (1924-2002) - 29 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат ауылында туған.
Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқыған. Одан кейін оқу – ағарту саласында жауапты қызметтер атқарған. 1954 жылдан бастап Талдықорған, Алматы облыстық газеттерінің редакцияларында қызмет істеді. 1971 – 1983 жылдары Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімін басқарған.
Шығармашылық жолында аудармаға ерекше ден қойып, Вьетнам көркем әдебиетінің алғашқы прозалық шығармасы, Нгумен Ванның «Буйвол» повесін, Абхазия кеңес әдебиетінің классигі Иван Папаскиридің «Женская честь» романын, «Алтын Прага ертегілерін», «Солдат хаттары» суреттемелер жинағын, балаларға арналған шағын кітапшаларды қазақшалаған.
Кейін қаламгердің «Қыр қыздары» романы, 1981 жылы «Әйел бақыты», 1984 жылы «Төзім шеңбері» атты романдары жарық көрді.