21 жел, 2025 сағат 12:30

Қазақстанның жаңа елшісі АҚШ президентімен кездесті

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов АҚШ президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Ult.kz.

Рәсім Ақ үйде өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, сенім грамоталарын тапсыру салтанаты дипломатиялық хаттамаға сәйкес ұйымдастырылған.