Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үш жыл ішінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша киелі жерлер тізімі толықтырылды. Еліміздегі киелі орындарды анықтауға қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, олардың картасын жасауға бағытталған жоба жақсы нәтиже беріп отыр. Бқл туралы «Ұлт» порталы тарқатып жазады.
Ең алдымен бұл жобаны іске асыру кезінде Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылғанын атап өткен жөн. Сол орталық негізінде Қазақстанның киелі жерлері әлі де анықталып жатыр. Кейінгі ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізімі толықтырылып, олардың саны 206 нысанға, ал жергілікті маңызы бар киелі жерлерінің саны 575 нысанға жетті.
Жоба аясында «Қасиетті Қазақстан» энциклопедициясының қазақ және орыс тілдерінде 3-ші томы жарыққа шықты. Онда Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының киелі жерлері қамтылған.
Алматы облысындағы «Есік», Түркістан облысындағы «Ордабасы» және «Әзірет Сұлтан» музей-қорықтарында сапар орталығының құрылысы басталады. Бұл аймақтар киелі жерлер көп шоғырланған өңір болып саналады.
Сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Нақты айтқанда, көне қалашықтың 10 нысанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар Қазақстандағы киелі жерлер туралы деректі фильм түсіріледі. «Туркестан – вчера, сегодня, завтра» фильмі рухани астанаға арналады.
Сондай-ақ, қасиетті жер киелі жерлер тізіміне енген республикалық маңызы бар 23 тарихи және мәдени ескерткішке ғылыми реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Айранбай кесенелері; Аппақ ишан, Ақыртас кешендері; Ескі Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ қалашықтары; Сырымбеттегі Уәлихановтар үйі бар.
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арасында меморандумына қол қойылды. Оның мақсаты – өзара түсіністік пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Айта кету керек, «Бозоқ» музей-қорығы үшін астанада Есіл ауданынан 412,6 га көлеміндегі жер учаскесі бөлінді.
Сондай-ақ, 2019 жылы «Ботай қонысындағы әлеуметтік-экономикалық және дүниетанымдық контекстерді зерттеу және қайта құру» ғылыми жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысының маңынан көне Ботай мәдениетінің үйі салынды.
Үш жыл ішінде Түркістан облысындағы «Отырар», Алматы облысындағы «Таңбалы», музей-қорықтары сапар орталықтарының құрылыс жұмыстары аяқталды.
Ал тарихтан белгілі Күлтөбе қалашығында қазір археологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол жерге 15 ғылыми қызметкер мен 40 зертханашы жұмылдырылған. Археологиялық саябақ құруу жұмыстары 2021 жылы толық аяқталады деп күтілуде.
Жалпыұлттық киелі нысандар туралы мобильді форматтағы 30 дана бейнеролик түсіріліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әлеуметтік желілерде таратылды. Роликтер «Алжир» мемориалды кешені, Қабанбай батыр кесенесі, Қосбатыр-Құмай мемориалдық кешені, Кенесары үңгірі, Беспақыр, Рабия Сұлтан Бегім, Гауhар ана, Есім хан, Ибраһим ата, Қарашаш ана, Үкаша ата, Қарабура, Домалақ ана, Хақназар хан кесенелері, Бірлік – Ордабасы кешеніне арналды.