Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халықаралық ұйымдардың жұмысына белсенді араласып келеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты беделді ұйымдарда Қазақстан өз рөлін атқаруда.
Осы күнге дейін еліміздің ядролық қарусызданудағы шешімі, климаттың өзгеруі мен жаһандық экология мәселелеріна қатысты өткізген форумдары мен саммиттері, азық-түлік қауіпсіздігі, әлемдегі тұрақтылық және бейбітшілік тақырыптарын түрлі мінберлерден сөз етуі Қазақстанның гуманитарлық дипломатиясы күн тәртібінен тыс қалмағанының айғағы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеуі мен дипломаттық тәжірибесі елдің осы бағытта дамуына елеулі үлес қосуда.
2016 жылы Орталық Азияда алғашқы болып Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы еліміздің позициясын айқындауға ықпал етті деуге болады.
Қазақстан өз кезігінде бейбіт бастамаларды көтеріп, жаһандық өзекті мәселелерге қатысты үн қатып жүр. Бұл елдің халықаралық беделіне оң ықпал етеді.
