26 мам, 2022 сағат 16:20

Қазақстанның Иран, Қытай, Вьетнам және Мысырмен сауда көлемі артуда


Қазақстанда ұн бағасы бір айда 8 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,2 млн тонна ұн өндіріген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% артық. Өңірлер ішінде дәстүрлі түрде ең көп ұн Қостанай облысында өндірілді. Онда 399,9 мың тонна, жылдық өсім 10,8%-ды құраған. Үздік үштікке сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (118 мың тонна, жылдық өсім 25,2%) және Қарағанды (96,2 мың тонна, -4,4%) облыстары кірді. 

Жалпы, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында өндіріс 6,9%-ға, 3,1 млн тоннаға дейін төмендеді. Қазақстан ел ішіндегі қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуде. Осылайша, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды қосқанда экспортты) 99,5%-ға қамтамасыз етті. Жалпы импорт 23,9%-ға өскен, бірақ бұл осы кезеңдег елде өндірілген 4,1 мың тонна ғана. Ал, 467,8 мың тонна ұн экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4 пайыз артық. Экспорттың үлесі ресурстардың 56,2%-ын құрады. 

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ұн экспорты бір жылда бірден 78,2%-ға өсіп, 172,8 млн АҚШ долларын құрады. ТМД елдеріне 126 мың тонна ұн жөнелтілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,8% артық. Мұнда ел өнімінің негізгі импорттаушысы – Өзбекстан. Үздік «үштікке» сондай-ақ Түрікменстан және Ресей кірді. ТМД-дан тыс елдерге 132,4 млн АҚШ доллары сомасына 341,9 мың тонна ұн жөнелтілген. Мұнда негізгі көлемді Ауғанстан импорттайды.