14 қаз, 2019 сағат 11:49

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады - Қазгидромет

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.

Батыс Сібір және Солтүстік Қазақстан аумағынан жылжитын циклонның ықпалынан республиканың көптеген облысында жаңбыр, жабысқақ қар жауады. Ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

"Алдағы үш тәулікте ауа температурасы орташа көпжылдық көрсеткіш шамасында болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы

15 қазан Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8, күндіз +11 градус болады. Алматыда түнде жаңбыр, күндіз ала бұлтты, түнде +8, күндіз +13 градусқа дейін жылынады. Шымкентте күн жылы, түнде +10, күндіз +19 градус. 

16 қазан астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8, күндіз +11 градус нөлден жоғары. Алматыда күн ашық, түнде +10, күндіз +18 градус болады. Шымкентте күн жылы, түнде +10 градус болса, күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі.

17 қазан елордада күн бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Күн салқындап, түнде +4, күндіз +6 градус болады. Алматыда күн ашық, түнде ауа температурасы +14, күндіз +19 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте түнде +10 градус, күндіз +20 градус.