19 ақп, 2020 сағат 09:21

Қазақстанның аймақтарында ауа райына байланысты бірқатар жол жабылды

Қолайсыз ауа райына, оның ішінде бұрқасын, көктайғақ және жол көрінісінің нашарлағына байланысты республикалық маңызы бар 52 автожол учаскесі жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 4 бағыт бойынша барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді: «Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Қарағанды», «Нұр-Сұлтан-Щучинск», «Нұр-Сұлтан-Атбасар».

Ақмола облысында барлық көлік түрлері үшін 19 жол учаскесі жабылды: «Екатеринбург-Алматы» (СҚО шекарасы-Жақсы ауылы, 856-917 км), «Жезқазған-Петропавл» (Қостанай обл. Шекарасы- Знаменка ауылы, 377-595 км), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (Қостанай обл.шекарасы - Сұрған ауылы, 232-260 км), «Жақсы-Есіл - Бұзылық» (Есіл қаласы- Бұзылық ауылы, 64-80 км), «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Нұр-Сұлтан қ.-Павлодар обл. шекарасы, 16-200 км), «Жақсы-Есіл- Бұзылық» (Жақсы ауылы-Есіл қ, 0-64 км), «Екатеринбург-Алматы» (Жақсы ауылы-Атбасар қ., 917-1006 км), «Щучинск-Зеренді» (Щучинск қ.-Зеренді ауылы, 0-80 км), «Щучинск-Атбасар» (Көкшетау қ.-Атбасар қ., 0-184 км), «Нұр-Сұлтан-Петропавл» (Нұр-Сұлтан-Щучинск, 18-231 км), «Алматы-Екатеринбург» (Нұр-Сұлтан-Теміртау, 1291-1426 км), «Екатеринбург - Алматы» (Атбасар қ.-Нұр-Султан қ., 1006-1247 км), «Макинск-Ақсу-Торғай» (Макинск қ.– Торғай, 0-240 км), «Көкшетау-Омск» (Көкшетау қ.-СҚО шекарасы, 0-51 км), «Көкшетау-Рузаевка» (Көкшетау қ.- СҚО шекарасы, 0-61 км), «Нұр-Сұлтан-Петропавл» (Щучинск-Көкшетау, 250-293 км), «Нұр-Сұлтан-Петропавл» ( Көкшетау қ.- СҚО шекарасы, 304-341 км), «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» (Кабанбай батыр ауылы- Қарағанды обл, 32-51 км), «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (Ақмол ауылы-Қорғалжын қорығы, 38-180 км).

Ақтөбе облысында «Қарабұтақ-Комсомольской-Қостанай обл шекарасы» (Комсомольское ауылы- Қостанай обл шекарасы, 89-234 км) жол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Қарағанды облысында барлық көлік түрлері үшін 8 жол учаскесі жабылды: «Жезқазған-Петропавл» (Ұлытау ауылы-Қостанай обл. шекарасы, 1038-1142 км), «Алматы-Екатеринбург» (Теміртау қ.- Ақмола обл. шекарасы, 1051-1142 км), «Қызылорда-Павлодар» (Қараганды-Павлодар обл. шекарасы, 970-1135 км), «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр-Нұра-Теміртау» (Нұра ауылы - Ақмола обл. Шекарасы, 101-51 км), «Алматы-Екатеринбург» (Жұмабек а.-Ақсу-Аюлы а., 986-883 км), «Алматы- Екатеринбург» (Қарағанды- Теміртау, 986-883 км), «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» (Қарағанды-Қарқаралы, 17-217 км), «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней» (Ботақара- Павлодар обл. шекарасы, 324-231 км).

Қостанай облысында барлық көлік түрлері үшін 6 жол учаскесінде қозғалыс шектелді: «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (Қостанай-Ақмола обл. шек, 7-232 км), «Жезқазған-Петропавл» (Қарағанды обл. шек. - Ақмола обл. шек., 252-377 км), «Мамлютка-Қостанай» (Тобыл қ.-гр.СҚО шек., 180-404 км), «Екатеринбург-Алматы» (Тобыл қ.-СҚО шекарасы, 555-729 км), «Қостанай-Қарабұтақ» (Рудный-Ақтөбе обл шекарасы, 231-504 км), «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» (Денисовка а.- РФ шекарасы, 0-174 км).

Павлодар облысында 4 жол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді: «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті а.-Ақмола обл. шек., 200-235 км), «Ленинский-Ертіс-РФ шек.» (Ленинский а.-РФ шек, 0-272 км), «Қызылорда-Павлодар» (Екібастұз-Қарағанды обл. шек., 1208-1135 км), «Омск-Майқапшағай» (Павлодарское а.-РФ шек., 395-191 км).

СҚО-да барлық көлік түрлері үшін 10 жол учаскесінде жол жабылды: «Екатеринбург-Алматы» (Ақмола обл. шек. - Қостанай обл. шек, 856-729 км), «Жезқазған-Петропавл» (Ақмола обл. шек. – Новоишимка а., 595-701 км), «Көкшетау-Рузаевка» (Саумалкөл а.-Рузаевка а., 102-196 км), «Мамлютка-Қостанай» (Пресновка а.-Қостанай обл. шек., 103-180 км), «Тимирязево-Сарыкөл» (Тимирязево а.- Қостанай обл. шек., 0-31 км), «Булаево-Рощинское» (Молодогвардейское а.-Рощинское а., 228-386 км), «Волошинка-Тимирязево» (Волошинка а.-Тимирязево а., 119-441 км), «Жезқазған-Петропавл» (Новоишимское а.-Покровка а., 701-875 км), «Челябинск-Новосибирск» (Петропавл – РФ шек., 252-655 км), «Көкшетау-Омск» (Ақмола обл. шек.– РФ шек., 51-280 км).