06 мау, 2022 сағат 16:27

Қазақстаннан ақшаны заңсыз шығармақ болған шетел азаматтары ұсталды


"Жібек жолы" және "Атамекен" кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқиға 6 мауысымда Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Жібек жолы" кеден бекетінде болған.

Өзбекстан республикасы бағытында жолаушылар терминалында, қолжүкті рентгентелевизиондық құрылғы арқылы тексеру кезінде, кеден бекетінің қызметкерлерімен Тәжікстан азаматынан кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 545-бабы бойынша іс қозғалды.

Осыған дейін, 18 мамырда "Атамекен" кеден бекеті арқылы Өзбекстан республикасы бағытында ҚР азаматы өзімен бірге 10 000 АҚШ доллары, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған кезінде кеден бекетінің қызметкерлері тосқауыл болды.

Осыған ұқсас жағдай 20 мамыры күні осы "Атамекен" кеден бекетінде орын алған. Кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде Ресей Федерациясының азаматы өзімен бірге 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өту барысында анықталған.