Қазақстандықтардың жеке деректері пайдаланылған кезде азаматтарға ол туралы хабар беріледі. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов 2020 жылдың басында хабарлаған болатын. Бұл туралы «Ұлт» порталы жазады.
Вице-министдің айтуынша, азаматтардың жеке деректеріне қатысты іс-әрекет жасалатын жағдайда, азаматқа бұл туралы хабар беретін сервис іске қосылды. Демек, әрбір адам өзінің жеке дерегін кімнің, қалай және не үшін сұрайтынын және пайдаланатынын біліп отырады.
Сонымен қатар Оспанов азаматтарға Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорданың кейбір ХҚКО-ларында ғана емес, бүкіл ел бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының барлық бөлімшелерінде өзінің саусақ іздері мен бет бейнесін пайдалана отырып, қызмет алуға мүмкіндік беруге арналған мемлекеттік қызметтердің пилоттық режимде қызмет көрсетуінің жаңа тәселінің жүзеге асып жатқанын айтты.
Сонымен қатар Оспанов мобильді үкімет базасында цифрлық құжаттар сервисін енгізу идеясын ұсынды.
Бұл өздерімен бірге куәландыратын құжаттары жоқ қазақстандықтарға мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жыл басында министрдің орынбасары бұл жаңашылдықты енгізуге техникалық тұрғыдан дайын екенін, eGov mobile қосымшасында осындай сервис іске асырылып жатқанын хабарлады.
Электрондық-цифрлық қолтаңбаны қалай қорғауға болады?
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының статистикасына сәйкес, 2019 жылы қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталығынан сегіз миллион рет электрондық-цифрлық қолтаңда алған. Ал бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көп. Ал биыл пандемияға байланысты бұл көрсеткіштің айтарлықтай артқаны анық. Себебі 2020 жылы электрондық қолтаңба алғандар арасында мектеп бітіруші түлектер мен магистратураға тапсыратын азаматтар да қосылды. Себебі карантин режиміне байланысты азаматтар қызметтің біршама түрін онлайн алатын болды.
Сонымен қатар электронды-цифрлық қолтаңба бір реттік кілт емес, ал ел азаматтарының басым бөлігі оны бір рет қана қолдануға болады деп ойлайды.
28 қаңтарда әлемде халықаралық дербес деректерді қорғау күні деп белгіленген. Кейінгі жылдары да Қазақстан азаматтары арасында да азаматтарға арналған үкімет ЭЦҚ иелерінцифрлық қолтаңба кілтін қорғау үшін шаралар қолдануға шақырған болатын.
Демек, әр азамат өзінің жеке дерегін сақтауы үшін қарапайым үш тәсілді қолдануы қажет. Ең алдымен, ЭЦҚ-ны жеке папкаға сақтау қажет. Екіншіден, өзінің жеке құпия сөзін орнатқаны жөн. Себебі халыққа қызмет көрсету орталығында барлық азаматтың цифрлық қолтаңбасына ортақ стандарт пароль қойылады. Үшіншіден, азамат өз кілтін үшінші жақтағы тұлғаға бермеуі керек.
Сонымен қатар қазақстандықтар электрондық-цифрлық қолтаңбаның қолдагу мерзімі аяқталғаны туралы хабарламаны пошта немесе телефон арқылы хабарлау тетігін орната алады.
Айта кетейік, ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімін egovmobile мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасынан көруге болады. Бұл азаматтарға порталдағы жеке кабинетінен халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ЭЦҚ қолдану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.