Түркия мен Мысыр елі бұрынғыша қазақстандықтар ең көп демалатын ел болып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Туристік Қамқор» Корпоративтік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қор желісі бойынша 2018 жылы 343 мың қазақстандық шетелде демалып қайтты. «Туристік Қамқор» құрылған сәттен бастап, жалпы алғанда, 616 мың туркод берілді. Өткен туристік маусымда қазақстандықтар көбінесе Түркияға барды (148 мың адам). Екінші орында Мысыр елі - 104 мың адам. Үшінші орында - Біріккен Араб Әмірлігі (33,5 мың қазақстандық) тұр. Төртінші сатыны Қытай мен Таиланд өзара бөліссе (18 мың туристен), бесінші орында - Вьетнам (4,5 мың), алтыншы орында - Үндістан (2,7 мың), Чехия (2,4 мың), сегізінші орында - Доминикан (2,1 мың), тоғызыншы орында - Грекия (2 мың) және ондықты Грузия (1,4 мың адам) түйіндейді», - делінген қордың хабарламасында.
Белгілі болғандай, 2018 жылы шетелге шыққан бірде-бір қазақстандық сақтандыру жағдайын пайдаланбапты. Барлық компания өз міндеттерін адал орындап отыр. Туындаған кішігірім мәселелер жедел түрде сол жерде шешілген. Қазақстандықтардың туроператордың кесірінен шетелден шұғыл шығару жағдайы болған жоқ.
«Ауа райы жағдайын негізге ала отырып ақпанда қазақстандықтардың демалысы үшін жақсы орындар ретінде Тайланд, Египет, Куба, Үндістан, Шри-Ланка, Доминикана, Филиппиндер, Танзания елдерін атап өтуге болады», - делінген хабарламада.
Сыртта демалу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің жұмыс істеген сәтінен бастап жүйе басқарушысы - «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 616 мың туркод берген.