18 мам, 2021 сағат 11:20

Қазақстандық студенттердің шәкіртақы алу форматы өзгереді


Қазақстан университеттерінде 2021 жылдан бастап стипендиялар қаржы орталығынан тікелей студенттің шотына түседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Оған себеп – қазір студенттерге төлемдерді есептеуді жоғары оқу орындары жүргізеді, мұндай жағдайда белгілі бір тәуекелдер бар.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мұндай жүйе кейінгі отыз жыл бойы қолданылды. Енді кей жағдайды ескеріп, жаңа жүйеге ауысып жатыр. Білім министрі аппарат кеңесінде соңғы 30 жылда стипендиялар ЖОО-ларға аударылған жүйе болды, одан кейін ЖОО-лар студенттердің үлгеріміне қарап, осыған байланысты стипендияларды өздері есептейді.

«Алайда мұнда көптеген тәуекел бар екенін көріп отырмыз. Соның бәрін алып тастау үшін бұл жүйе қажет. Сондықтан да тәжірибеге енгізіп отырмыз. Бұл да оң нәтиже көрсетеді деп сенемін. Ең бастысы білім саласындағы жаңашылдықты қабылдай білуіміз керек», - деді министр.

Тәуекел деп ведомство өкілдері бірнеше ЖОО-да анықталған стипендияны ұрлау ісінің тіркелгенін тілге тиек етті. Аймағамбетов атап өткендей, қазіргі таңда осындай төлем жүйесін пилоттық режимде үш қазақстандық ЖОО пысықтауда, тағы 23 оқу орны осындай жүйені енгізуді жоспарлап отыр.

"Пилоттық" жобада жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатқан университеттер мамыр айында көрсетілген схема бойынша стипендия төлейді.

"Шілде айына дейін пилоттық жобаны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Келесі кезең – грантты тікелей төлеу мүмкіндігін енгізу", - деп атап өтті министр.

Аймағамбетов атап өткендей, грант – бұл студент алатын қаражаттың мақсатты сомасы.

"Бұл қаражат ЖОО-ға аударылған кезде студент мемлекет оған ақша төлейтінін сезбейді. Қазір біз студенттің эскроу-шотына ақша түсу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ студент бұл қаражатты өзі оқуға түскен университеттегі оқу ақысын төлеуден басқа пайдалана алмайды. Ол оларды басқа мақсат үшін пайдалана алмайды", - деп түсіндірді министр.

Білім министрлігінің мәліметінше, стипендияларды төлеудің осындай жүйесін енгізу есептеулерді автоматты түрде жүргізуге және болашақта кассалар арқылы қолма-қол төлемнен бас тартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2020 дылдан бастап педагогикалық мамандықтағы студенттерге шәкіртақы 42 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Осылайша, педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге қойылатын талаптарды артып, стипендия мөлшері ұлғайды.

Қыркүйек айынан бастап докторанттардың стипендиясы 102 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін ұлғайды. Мұндай шара жас ғалымдарға жақсы қолдау болып табылады, өйткені негізінен докторанттардың өз отбасылары бар және өз зерттеулерін жүргізумен айналысады.

Биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау жүйесі де өзгеріп жатыр. Ол енді үш кезеңді қамтиды. Маусым айында 90 стипендия, тамыз айында – 170 стипендия, қараша айында – 125 стипендия бөлінеді. Бұл стипендияны осы кезеңге берілген өтінімдерге сәйкес біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан университеттерінде 2021 жылдан бастап стипендиялар қаржы орталығынан тікелей студенттің шотына түседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оған себеп – қазір студенттерге төлемдерді есептеуді жоғары оқу орындары жүргізеді, мұндай жағдайда белгілі бір тәуекелдер бар.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мұндай жүйе кейінгі отыз жыл бойы қолданылды. Енді кей жағдайды ескеріп, жаңа жүйеге ауысып жатыр. Білім министрі аппарат кеңесінде соңғы 30 жылда стипендиялар ЖОО-ларға аударылған жүйе болды, одан кейін ЖОО-лар студенттердің үлгеріміне қарап, осыған байланысты стипендияларды өздері есептейді.